Cот вайнер Мейіржан Төребаевты үйқамаққа жіберді

Cот вайнер Мейіржан Төребаевты үйқамаққа жіберді

Cот вайнер Мейіржан Төребаевты үйқамаққа жіберді
ашық дереккөзі
50251
Белгілі вайнер және блогер Мейіржан Төребаевқа қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы үйқамаққа ауыстырылды деп хабарлады turkystan.kz. Алдын ала тыңдау барысында Алмалы аудандық сотының судьясы Кәмшат Саурова Мейіржан Төребаевтың мүддесі үшін адвокаттың бұлтартпау шарасын үйқамаққа ауыстыру жөніндегі арызын қанағаттандыру туралы шешім қабылдады. Мейіржан Төребаевқа тұрғылықты жерінен кетуге, әлеуметтік желілерді пайдалануға және баспасөзбен сөйлесуге тыйым салынды. Сот Мейірхан Шерниязовқа және басқа да тұлғаларға қатысты бұлтартпау шарасын өзгеріссіз қалдырды. Бұған дейін Мейіржан Төребаев істі прокурорға қайтаруды, ал қорғаушысы бұлтартпау шарасын үйқамаққа өзгертуді сұраған болатын.

Серіктес жаңалықтары