Шымкенттегі 73 елді мекен сапалы электр жарығымен қамтылды

Шымкенттегі 73 елді мекен сапалы электр жарығымен қамтылды

Шымкенттегі 73 елді мекен сапалы электр жарығымен қамтылды
ашық дереккөзі
50427
Наурызда «Amanat» партиясы Абай аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне Абай ауданы Солтүстік-Саяжай елді-мекенінің тұрғыны Өмірзақ Мақсат есімді азамат аталған елді мекенді сапалы электр жарығымен қамту бойынша өтініш білдірді. Аталған мәселе бойынша жауапты мекемелермен хабарласып, жалпы, Шымкент қаласы бойынша 81 елді мекеннің 73-і сапалы электр жарығымен қамтылған, қалған 8 елді мекенді электр жарығымен қамту бойынша жұмыстар жыл соңына дейін жүргізілетіні айтылды. Абай ауданы бойынша Жаңаталап және Солтүстік – саяжай елді мекендерін сапалы электр қуатымен қамту бойынша құрылыс жұмыстары жүргізіліп, жаңа электр бағаналары мен қосымша қуатты трансформаторлар орнатылды. Қазіргі таңда абоненттеу жұмыстары жүргізілуде.  

Серіктес жаңалықтары