Мадина СЕЙТМАХАМБЕТҚЫЗЫ: Келер жылы бар күш-жігерімізді саяси науқанға жұмсаймыз

Мадина СЕЙТМАХАМБЕТҚЫЗЫ: Келер жылы бар күш-жігерімізді саяси науқанға жұмсаймыз

Мадина СЕЙТМАХАМБЕТҚЫЗЫ: Келер жылы бар күш-жігерімізді саяси науқанға жұмсаймыз
ашық дереккөзі
50306
Санаулы күннен соң бір жылды артқа тастап, тағы бір жылдың табалдырығын аттағалы тұрмыз. Осы орайда Пар­ла­мент Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясы ап­пара­тының басшысы Мадина Сейтмахамбетқызымен сұхбаттасып, аппарат биыл қандай бастамаларды жүзеге асырғаны және жылды қалай қорытындылап жатқаны жайлы сұраған едік. – Парламент Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының аппараты не­гізінен қай бағытта жұмыс істейді? – «AMANAT» партиясының фракциясы «Қа­зақстан Республикасының Парламенті жә­не оның депутаттарының мәртебесі ту­ра­лы» Қазақстан Республикасының Конс­ти­туциялық заңына, Қазақстан Респуб­ли­касы Парламенті Мәжілісінің регламентіне, «AMANAT» партиясының Жарғысына сәй­кес құрылған депутаттық бірлестік болып са­налады. Фракция ең негізгі мақсаты – Парла­мент Мәжілісінде «AMANAT» партиясының бағ­дарламалық құжаттарында бекітілген ел­дің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-эко­но­микалық даму мәселелері бойынша пар­­­тияның және партия Төрағасының ұста­нымдарын білдіретін саясатты жүргізу. Ал фракция аппаратының негізгі мін­деті – партияның Қазақстан Парламенті Мә­жілісіндегі фракциясымен өзара тиімді іс-қимылды қамтамасыз ету және фрак­ция­ның қызметін ұйымдастырушылық, құ­қық­тық, ақпараттық-талдау жағынан қам­та­ма­сыз ету. Фракция аппараты «AMANAT» пар­­тиясы Орталық аппаратының құры­лым­дық бөлімшесі болғандықтан, жұмысы жос­парлы, жүйелі түрде жүргізіліп, пар­тия­ның басым бағыттары мен мақсаттарын жү­зеге асыру аясында іске асырылады. Фракция аппаратының негізгі функ­ция­сы – фракция жиналыстарына, фрак­ция төралқасының отырыстарына, Пар­ламент Мәжілісі депутаттары фракция мү­­­шелерінің өңірлік жұмыстарына және олар­дың қорытындылары бойынша тал­да­малы, ақпараттық-анықтамалық мате­риал­дар дайындау және «AMANAT» партия­сы­ның 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр аза­матқа лайықты өмір!» сайлауалды бағ­дар­ламасын орындау Жол картасының іске асырылуына мониторинг жүргізу. – Осы тұста биыл жүргізілген мони­то­ринг жұмыстарының нәтижесі тура­лы айтсаңыз. – Алдында айтып кеткендей, фракция ап­паратының негізгі міндеті –Парламент Мә­жілісіндегі фракцияның қызметін ұйым­дастырушылық, құқықтық, ақпарат­тық-талдау жағынан қамтамасыз ету. Ал мониторингке келетін болсақ, жал­пы фракция мүшелері – депутаттармен бір­лесе отырып, «AMANAT» партиясының 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағ­дар­ла­ма­сын орындау Жол картасының іске асы­рылуы мониторингін жүзеге асырамыз. Бұл жұ­мыста тиянақты орындау үшін Үкімет пен фракцияның бірлескен жұмыс ал­го­рит­мі әзірленді. Тоқсандық, ай сайынғы, тіп­ті апта сайынғы мәліметтер жиналып, Жол картасының барлық 362 тармағы бойын­ша егжей-тегжейлі бақыланады. Жал­пы айтсақ, Жол картасы бес жылға ар­нал­ған, бүгіннің өзінде екі жарым жыл ішін­де біршамасы жүзеге асты. Мәлімет ретінде айтсақ, жалпы Жол кар­та­сының 1 700 жуық нысаналы көр­сет­кіші мен жеті бағыты бар. Олар әртүрлі са­лаларды қамтиды. Мәселен, әлеуметтік, эко­номикалық және өңірлік даму, құқық­тық, экология, патриоттыққа тәрбиелеу, аза­маттық қоғамды дамыту, сыртқы саясат. Жалпы айтқанда, әр азаматтың лайықты өмір сүруінің тетіктері. – Аппарат биыл қандай баста­ма­лар­ды жүзеге асырды? Жылды қалай қо­рытындылады? – Жалпы, партия фракциясында 76 ман­дат бар, қазір 73 мүшені қамтып отыр. Же­тінші шақырылымда фракция аппараты де­путаттардың қатысуымен 17 фрак­ция­ның жиналысын және фракциямыздың аты­нан жарияланған 450-ге жуық депу­тат­тық сауал дайындауға атсалысты. Фракция аппараты депутаттар, яғни фрак­ция мүшелерінің Президент ел Конс­титуциясына түзетулер жобасы бойынша республикалық Референдум өткізу туралы Жар­лыққа қол қойған сәттен бастап, ел ішін­де кеңінен түсіндіру жұмыстарын өт­кізу үшін өңірлерге бару шарасын ұйым­дас­тырды. Мемлекет басшысының бұл ерек­ше саяси маңызы бар шешімін, пре­зи­денттік саяси реформалар бағдарламасын іске асыру кезеңдерін, суперпрезиденттік модельден президенттік республикаға түпкілікті көшудің, Парламенттің рөлі мен мәртебесін күшейтудің негізгі қағидат­та­рын халық арасында, сондай-ақ шалғайда­ғы ауыл тұрғындарына кеңінен жеткізді. Фракция аппараты «AMANAT» пар­тия­сы орталық аппаратының құрылымдылық бөлімшесі болғандықтан, атқарып жатқан жұмысымыз орталық аппараттың жос­пары­на тұспа-тұс келеді. Сонымен қатар екі айға созылған Президенттік сайлау шта­­бының жұмысына белсенді қатыс­қа­нымызды атап көрсетуге болады. Бар­лы­ғымыз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сай­лауал­ды бағдарламасы аясында шоғыр­ла­нып, мықты әрі әділетті мемлекет құру мақ­сатында бір ұлт, бір қоғам болып, ел ара­сында болып, Халықтық коалициямен бірге үгіт-насихат жұмыстарын жүргіздік. Ен­дігі мақсат – халық білдірген сенімді ақ­тап, алға қойылған міндеттерге жету үшін аянбай, білек сыбана еңбек ету, елі­міздің ынтымағын арттырып, өркендеуіне қол жеткізу. – Парламент Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясы аппа­ра­тының келер жылға қандай жоспарлары бар? – Өзіңізге мәлім, 2023 жылдың бірінші жар­­тыжылдығында Қазақстан Респу­б­ли­касы Парламенті Мәжілісі депутаттарының және барлық деңгейдегі мәслихат депу­тат­тарының кезектен тыс сайлауы өтеді. Қар­қын­ды әрі ауқымды жұмыс болады. Сон­дық­тан партия қызметкері ретінде, әрине бұл жұмыстан қапы қалмаймыз. Білімімізді, тәжірибемізді, күш-жігерімізді үлкен саяси науқанда барынша жұмсаймыз. Жұмы­сымыздағы ірі жоспардың бірі ретінде сая­си науқанға белсене қатысып, еліміздің өр­кен­деуіне, мемлекеттілігі мен егеменді­гінің нығаюына атсалысып, партияның бағдарламаларын жүзеге асыру деп білемін. – Әңгімеңізге рақмет!

Серіктес жаңалықтары