Turkistan, AIQYN газетінің бас редакторлары марапатталды

Turkistan, AIQYN газетінің бас редакторлары марапатталды

Turkistan, AIQYN газетінің бас редакторлары марапатталды
ашық дереккөзі
50605
Бүгін Халықаралық «Абай» атындағы мәдениет пен өнерді қолдау қоры мен Республикалық «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен көрнекті жазушы М.Әуезовтің 125 жылдығына орай мемлекет және қоғам қайраткерлері мен БАҚ өкілдерін марапаттау кездесуі өтті деп хабарлады turkystan.kz. Салтанатты жиынның негізгі мақсаты – халықаралық «Абай» атындағы мәдениет пен өнерді қолдау қоры мен республикалық «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігі арасындағы меморандум негізінде 2023 жылы бірлесе атқаратын шараларды талқылау, жұмыс жоспарын бекіту, заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығы аясында руханият пен өнерге еңбек сіңірген тұлғаларды марапаттау. Шараға Бас редакторлар клубының президенті, ҚР Парламент Сенаты төрағасының кеңесшісі Б.Жексенбай, «Qazaqstan» телерадиокорпорациясы басқарма төрайымының орынбасары Е.Мұхамеджанов, «Абай» телеарнасының директоры А.Кеңесұлы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, Президент жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі К.Құрманәлиев, Халықаралық «Абай» атындағы мәдениет пен өнерді қолдау қорының басқарма төрағасы А.Ғафуров, т.б. зиялы қауым өкілдері мен қоғам қайраткерлері, бас редакторлар қатысты.  width= Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығына орай мерейтойлық медалімен «Бас редакторлар клубының» келесі мүшелері марапатталды:
  1. Бибігүл Жексенбай, «Бас редакторлар клубы» республикалық қоғамдық бірлестінің жетекшісі, белгілі журналист.
  2. Мақат Кәбірұлы Садық, журналист, Халықаралық Телевидение және радио Академиясының академигі. «Ел.кз» порталының бас редакторы;
  3. Мұхамеджанов Еркін Таңатқанұлы,«Qazaqstan» РТК басқарма төрайымының орынбасары;
  4. Азамат Кеңесұлы, «Абай тв» директоры;
  5. Аманкелді Құрмет,«Айқын» газетінің бас редакторы;
  6. Бауыржан Бабажанұлы, халықаралық «Түркістан» газетінің бас редакторы;
  7. «Бас редакторлар клубының» вице-президенті Мұратбек Тоқтағазин;
  8. Кәрімбек Құрманалиев - Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының толық мүшесі;
  9. Доган Йылдыз - Халықаралық жаңалықтар агенттігінің бас редакторы.
 width=

Серіктес жаңалықтары