50456
Тоқаев Бразилия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Тоқаев Бразилия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев әйгілі футболшы Пеленің қайтыс болуына байланысты Бразилия президенті Жаир Болсонаруға көңіл айтты деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы футбол тарихындағы ұлы спортшылардың бірі ретінде оның футболды бүкіл әлемге танытуға зор үлес қосқанын атап өтті.
Президенттің айтуынша, Пеле әрқашан футболға деген адалдықтың символы әрі жанкүйерлердің сүйікті футболшысы болды және солай болып қала береді. Сондай-ақ ол спорттың осы түрін ең жоғары деңгейге көтерді.