Барыс жылы Абай атындағы ҚазҰПУ үшін табысты жыл болды

Барыс жылы Абай атындағы ҚазҰПУ үшін табысты жыл болды

Барыс жылы Абай атындағы ҚазҰПУ үшін табысты жыл болды
ашық дереккөзі
50675
Тарих қойнауына еніп бара жатқан 2022 жыл – барыс жылы Абай атындағы ҚазҰПУ үшін табысты жыл болды. Педагогтеріміз бен студенттеріміз осы жылы жаңа биіктерге көтеріліп, айтулы жетістіктерге жетті. 2022 жылдың ерекше жетістігі – 42 гранттық жобамыз үздік деп танылды. Сондай-ақ Ұлттық ғылыми кеңестің шешімімен 2 күрделі жоба 2022-24 жылдары мақсатты-бағдарлы қаржыландыру жобасы бойынша мақұлданды. Мұнымен қоса, университетіміздің жас ғалымдары гранттық жоба ұсынуға мүмкіндік алды. Қазіргі таңда 9 профессор-зерттеуші және 20 постдокторант ҒЖБМ ұсынған «Жас ғалым» жобасына қатысуда. Ал, 14 постдокторант және 5 PhD доктор «Жас ғалым» гранттық жобасын ұтып алып, зерттеуге кірісіп кетті. Олардың зерттеулері де қазақ қоғамы үшін өзекті, оқу-ағарту ісі үшін маңызды тақырыптар болды. 2021 жылы «Болашақ» конкурстық комиссиясының шешімімен әлемнің жетекші ғылыми орталықтары мен университеттерінде ғылыми тағылымдамадан өтуге 16 ғалым-оқытушының өтінімдері мақұлданса, 2022 жылы 16 ғалым АҚШ, Ұлыбритания, Еуропа, Түркия, Ресей университеттерінде тағылымдамадан өту бағдарламасын сәтті аяқтады. Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушылары еуропалық – DAAD және Erasmus+, Дүниежүзілік банктің «Мұғалімдердің білім беру әлеуетін күшейту» HAME қолданбалы ғылымдар университетімен (Финляндия) және жалпыазиялық (Asian Communication), сондай-ақ бірқатар басқа да 9 халықаралық ғылыми және білім беру жобаларына қатысып, халықаралық әріптестікке қол жеткізіп отыр. Гранттық жобалардың нәтижелері жарияланымдар сапасында көрініс тапты. Бүгінгі таңда 500-ден астам оқытушылар мен ғалымдар Хирш индексінің иегерлері. 2022 жылы көрсеткіштер 30%-ға өсті. Мысалы, 2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Scopus және Web of Science халықаралық деректер базаларында индекстелген жетекші ғылыми журналдарда 350-ден астам мақала жарияланды. Профессор-оқытушылар құрамының жариялау белсенділігінің арқасында ғалымдарымыз сарапшылық қызметпен айналысты, 15 профессор шетелдік ғылыми журналдардың редакциялық алқасының мүшесі болды. Профессор В.Косов, Е.Бурибаев, Ж.Хамзина, Б.Ахметова Қазақстан Республикасы бойынша ЖОО профессор-педагогикалық құрамның бас рейтингісі бойынша ТОП-50 қатарына енді. Ғылым және жоғары білім министрлігінің бұйрығымен 2022 жылдың «Үздік ғылыми қызметкері» атағын профессор Қалбике Есенова иеленді. Ғалым, профессор Жанатбек Ішпекбаев «Шоқан Уәлиханов» атындағы Мемлекеттік сыйлықтың жеңімпазы атанды. Үш оқытушымыз мемлекет тарапынан 2022 жылдың «Үздік оқытушысы» атағына ие болды. Сонымен қатар 7 профессор Мемлекеттік стипендия жеңімпазы болды. Олар: Қалбике Есенова, Сәуле Абишева, Жанна Хамзина, Эльмира Айтенова, Азиза Жунусбекова, Шахислам Лайсханов және Эльмира Уайдуллақызы. Ғылыми-зерттеу шығармашылығы оқытушылық, білім беру ісінің ажырамас бөлшегіне айналды. 2022 жылдың өзінде бастауыш білім беру кафедрасының оқытушылары 36 оқулық, мектептер мен балабақшаларға арналған оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеп, еліміздің жетекші баспалары – «Алматы кітап», «Атамұра»-дан басылып шықты. 2022 жылы Қазақстан Республикасының 23 ғылыми-зерттеу ұйымымен келісімшарттар жасалды. Келісім шеңберінде Абай университетінде облыстар бойынша 14 бірлескен диссертациялық кеңес жұмыс істеп тұр. Олардың құрамына Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері кіреді. Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушылары ғылыми-зерттеу институттары жүзеге асыратын гранттық қаржыландыру жобаларына тартылса, ғылыми-зерттеу институттарының 29 қызметкері біздің университетімізде сабақ берумен айналысады. Бұл – әріптестік байланыстың тығыз әрі берік екенін көрсетеді. 2022 жылы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған іс-шаралар университетімізде ұйымдастырылды. Атап айтсақ, 2022 жылы 27 сәуірде «Ахмет Байтұрсынұлы мұрасы және ұлттық құндылықтар» атты халықаралық конференция, 2022 жылы 29 сәуірде «Ахмет Байтұрсынұлы – ағартушы-ғалым, гуманист» атты халықаралық конференция өтті. «А.Байтұрсынұлы тағылымы» атты қалалық зияткерлік сайысы ұйымдастырылып, ұлт зиялысының мамандандырылған кабинеті ашылды. Биыл сонымен қатар жоғарғы оқу орнында 186 ғылыми іс-шара (32 ғылыми-теориялық және ғылыми-тәжірибелік, 15 халықаралық конференция) өтті. «Ғылым онкүндігі – 2022» аясында студенттерді ғылыммен таныстыруға бағытталған 154 жастар форматындағы іс-шара (флешмобтар, квесттер, дебаттар, викториналар, шеберлік сабақтары) сәтті жүзеге асырылды. Қорыта айтқанда, бүгінгі таңда Абай атындағы ҚазҰПУ заманауи педагогикалық университетке қойылатын талаптардың барлығына жауап беретін, еліміздегі рейтингі жоғары университеттер қатарында тұр. Келер жылы да толағай табыстарға қол жеткізіп, жоғарғы оқу орнының даму динамикасын, қазақстандық мұғалімдерді даярлаудағы көшбасшылық орнын сақтап қалуға, жоғары санатты университет пен ғылыми орталықтың халықаралық имиджін нығайтуға бар күшімізді саламыз. Сөз соңында, 2023 жылы Abai University 95 жылдығын атап өтетінін айтқым келеді. Баршамызға мерейлі жылды жақсы қарсы алуға нәсіп етсін!

Ермек БӨРІБАЕВ, зерттеу қызметі жөніндегі проректор, заң ғылымдарының докторы, профессор

Серіктес жаңалықтары