50288
Боранбаев сотта кінәсін мойындамайтынын айтты
Боранбаев сотта кінәсін мойындамайтынын айтты
Астанада кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың сот отырысы жүріп жатыр. Ол сотта сөйлеген сөзінде кінәсін мойындамайтынын айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Компания толық шығынды – 14,5 млрд теңгені өтеді. Бірақ мен кінәні мойындамаймын», - деді Боранбаев.Сонымен қатар ол қаңтар оқиғасы өзіне де қатты әсер еткенін айтып өтті.
«Қаңтар оқиғасы отбасына қатысты адамның бәріне әсер еткенін түсінемін. Мен де отбасының мүшесімін. Конституцияда көрсетілген кінәсіздік презумпциясына сәйкес, адам кінәсі соттың шешімімен дәлелденгенге дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп саналады», - деді ол.