50283
Өзбекстандағы көпқабатты үйде жарылыс болды
Өзбекстандағы көпқабатты үйде жарылыс болды
Ташкент орталығындағы көпқабатты үйде бүгін жергілікті уақыт бойынша 8:21-де газ-ауа қоспасы тұтанған деп хабарлады turkystan.kz.
Оқиға салдарынан бір адамның жарақат алғаны белгілі болды.
Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің басшылығы мен басқа да мамандандырылған құрылымдардың өкілдері жедел жеткен.
Жергілікті мамандардың айтуынша, бұл - қаладағы көпқабатты үйде газ жарылған алғашқы оқиға.