Кентаудағы ЖЭО жөндеу үшін 40 млрд теңгеден астам қаржы қажет

Кентаудағы ЖЭО жөндеу үшін 40 млрд теңгеден астам қаржы қажет

Кентаудағы ЖЭО жөндеу үшін 40 млрд теңгеден астам қаржы қажет
ашық дереккөзі
50347

Кентаудағы ЖЭО жөндеуден өткізу үшін 40 млрд теңгеден астам қаржы қажет. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасасы Арман Жетпісбай айтты деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Кентау қаласында орналасқан Жылуэнерго орталығының тозуы 85 пайыздан асады. 1950 жылдары салынған орталық бүгінде шығынға жұмыс істеп тұр.

«ЖЭО-ға техникалық негіздеме жасалған. Кешенді жоспарға енгізілген болатын. Жөндеуден өткізу үшін 40 млрд теңгеден астам қаржы керек. Екібастұздағы жағдайға байланысты қазір қайтадан техникалық зерттеу жұмыстары жасалып жатыр. Оған арнайы халықаралық компания тартылды», - деді Арман Жетпісбай.

Қазіргі кезде аталған ЖЭО-да 6 қазандық жұмыс істеп тұр. Оның 4-еуі тұрақты іске қосылған болса, екеуі қосымша резервке қойылған. Бір айта кетерлігі, барлық қазандық көмірмен жұмыс істейді. Оларды жөндеуден өткізгеннен соң, инвестор есебінен қасына табиғи газға қосылған электр стансасын салу жоспарланып отыр.

«Бірден 100 пайыз газға көшуге болады. Оған уақыт керек. Сосын газ тапшылығы туындап қалуы мүмкін. Қыс мезгілінде газ құбырынан ақау шықса, қосымша іске қосылатын резервтегі жылу орталығы болуы қажет. Сондықтан екі жүйе де керек», - деді Арман Жетпісбай.

Қазіргі кезде аталған Жылуэнерго орталығының қызметін 14 мың абонент тұтынып отыр. Оның ішінде 347 көпқабатты тұрғын үй, 2000-нан астам жеке сектордағы тұрғын үй мен 106 бюджеттік мекеме, 441 коммерциялық нысан бар.

Серіктес жаңалықтары