Елімізде 109 жол учаскесі жабылды – ТЖМ

Елімізде 109 жол учаскесі жабылды – ТЖМ

Елімізде 109 жол учаскесі жабылды – ТЖМ
ашық дереккөзі
50258
Ауа райының нашарлауына байланысты (боран, нашар көріну, көктайғақ) тас жолдардың 109 учаскесі жабылды, оның 41-і республикалық және 68 облыстық маңызы бар деп хабарлады turkystan.kz. Жолдарда төтенше жағдайларды жою бойынша республикалық штаб құрылды, осындай штабтар өңірлерде де жұмыс істейді. Блок-бекеттерде 600 автокөлік жиналды.
Ағымдағы тәулікте құтқару бөлімшелерімен 695 адам құтқарылды және эвакуацияланды, оның ішінде 137 бала (Жамбыл, Түркістан, Қостанай, Қарағанды және Абай), 146 техника қар құрсауынан шығарылды. Тұрғындарды эвакуациялау үшін тас жолдардың жабық учаскелерінде 846 уақытша жылыту пункттері дайындалды, сондай-ақ 99 техника (Вахтовка және Кунг) дайын тұр. Уақытша жылыту пункттерінде 171 адам, оның 4-еуі бала (Жамбыл облысы, Абай облысы, Ақмола, Қостанай, Павлодар), - делінген министрлік таратқан хабарламада.
Халыққа ескерту мақсатында ауа-райының нашарлауы туралы 232 СМС-хабарлама жіберілді, сондай-ақ "Дармен" мобильдік қосымшасы арқылы 94 хабарлама жіберілді. Авариялық-құтқару жұмыстарына барлығы 1000-нан аса адам және 600-ге жуық ТЖМ, ЖАО және ІІМ техникасы жұмылдырылды. Жол қызметтері жолды тазарту жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Серіктес жаңалықтары