Дәурен Абаев қызметінен кетуіне байланысты пікір білдірді

Дәурен Абаев қызметінен кетуіне байланысты пікір білдірді

Дәурен Абаев қызметінен кетуіне байланысты пікір білдірді
ашық дереккөзі
50375
Мәдениет және спорт министрі болған Дәурен Абаев қызметінен босатылуы туралы пікірін айтты деп хабарлады turkystan.kz.
Мәдениет және спорт министрлігін басқару мен үшін үлкен мәртебе болды. Тіпті, ғұмыр парағымдағы жарқын әрі ұмытылмас сәттер осы кезеңде болды десем қателеспеймін. Маған сенім артып, осы уақыт ішінде атқарылған барлық жұмысыма үлкен қолдау көрсеткен ел Президентіне ерекше алғыс білдіремін. Мемлекет басшысының жүзеге асырып жатқан барлық  реформасы елімізді жетістіктерге жеткізіп, алға жетелейтініне нық сенімдімін, – деді Абаев жазбасында.
Сонымен қатар, ол кеңес беріп, керек кезде сынай білген халыққа алғыс айтты.
Мұның барлығы біздің жемісті еңбек етіп, саладағы күрделі мәселелерді шешуімізге өз ықпалын тигізді. Министрлік және министірлікке бағынысты ұйымдар ұжымына да ризашылық танытамын. Көп жұмыс атқарылды, әлі де қолға алар шаруалар жетерлік. Бұл орайда, жаңадан тағайындалған министр Асхат Ораловқа  сәттілік тілеймін! – деді экс-министр.

Серіктес жаңалықтары