«AMANAT» партиясы екібастұздық мыңнан астам балаға демалыс ұйымдастырды

«AMANAT» партиясы екібастұздық мыңнан астам балаға демалыс ұйымдастырды

«AMANAT» партиясы екібастұздық мыңнан астам балаға демалыс ұйымдастырды
ашық дереккөзі
50219
«AMANAT» партиясының мүшелері екібастұздық 1 мыңнан астам балаға демалыс ұйымдастырды. Оқушылар қысқы демалысты Семей және Алматы қалаларында, Түркістан, Алматы, Павлодар және Ақмола облыстарының шипажайларында өткізеді. Дәл қазір Екібастұздық 54 мектеп оқушысы қалалық филиалдың ұйымдастыруымен қысқы демалысын Зеренді ауданындағы «Парус» лагерінде өткізуде. Партияның игі бастамасы барша балаларға серпін беріп жатқаны қуантады. Екібастұздағы төтенше жағдай кезінде «AMANAT» партиясының волонтерлері мен белсенділері алғашқы күннен бастап қала тұрғындарына гуманитарлық көмек таратуға атсалысты. Тұрғындарға жылытқыштар, жылы көрпелер, қажетті заттар таратылды. Екібастұздықтарға көрсетілетін көмек мұнымен шектелген жоқ. Мәселен, партиялық уәделерді орындау мақсатында аманаттықтар балаларға қысқы каникул кезінде демалыс ұйымдастырды. Ал осы кезде Екібастұздағы зардап шеккен пәтерлерде жөндеу жұмыстары жүріп жатқан.  width= Екібастұздық балаларды шипажайларға жіберу жұмысымен тікелей «AMANAT» партиясының Павлодар облыстық филиалы айналысады. Филиал төрағасы Илья Теренченко ауқымды дайындық жұмысы жүргізілгенін атап өтті. Яғни, ата-аналардың рұқсатын алып, партия аппараты қызметкерлерінің, мектеп мұғалімдері мен медицина саласы мамандарының қатарынан балалармен бірге еріп жүретін азаматтар дайындалды.
«Екібастұздық 1 мыңға жуық бала ел аумағындағы шипажайларға демалуға аттанды. Ең бастысы – балаларға жақсы көңіл-күй сыйлап, олардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Жаңа жыл жағымды оқиғалардан басталып жатқаны қуантады. Балалар Қазақстанның жаңа қалаларын аралап, құрбы-құрдастарымен танысып, денсаулығын нығайта алады», – деді ол.
Ата-аналардың пікірінше, балалар ең бастысы, қысқы демалысты тиімді өткізіп, жаңа оқу тоқсанына күш-қуат жинап қайтады.  width=
«Екі қызым Ақмола облысындағы «Парус» лагеріне барады. Осындай тамаша іс-шараға демеушілік жасап, жолдама ұсынған, демалыстың қызықты да тартымды бағдарламасын қарастырған «AMANAT» партиясына ерекше алғысымды білдіремін. Волонтерлермен бірге мен де көрпелер, жылытқыштар таратқан болатынмын. Екібастұздықтарға көмек көрсету жұмысы жалғасып жатқанына қуаныштымын», – деді Екібастұз қаласының тұрғыны Ирина Шабалдина.
Осылайша, Түркістан облысындағы Төлеби ауданында орналасқан «Бәйшешек» демалыс орнына бүгінде 50 бала келіп үлгерді. Соның бірі, Әмина Керімқұлова есімді 8-сынып оқушысы Түркістандағы тарихи орындарды аралауға асығып отыр.  width=
«Пойызда бір-бірімізбен танысып, түрлі ойын ойнадық. Бұған дейін Түркістанға ата-әжеммен бірге келген едім. Түркістан өзінің кесенелерімен, түрлі мұражайларымен танымал екенін жақсы білемін. Бірақ ол кезде өте кішкентай болдым. Көп дүние есімде қалмады. Сондықтан бұл жолы танымдық әрі белсенді демалысты біріктіре алатыныма ризамын», – деді ол.

Серіктес жаңалықтары