Зерендіге шаңғы тебуге барған 16 жастағы жасөспірім қайтыс болды

Зерендіге шаңғы тебуге барған 16 жастағы жасөспірім қайтыс болды

Зерендіге шаңғы тебуге барған 16 жастағы жасөспірім қайтыс болды
ашық дереккөзі
50373
Зерендідегі тау шаңғысы базасында астаналық 16 жастағы жасөспірім қайтыс болды деп хабарлады turkystan.kz Ақмола облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап. Мәлімет бойынша, биылғы жылғы қаңтардың 2-сінде сағат 17:25-те Зеренді аудандық ПБ кезекші бөліміне шаңғы базасының менеджері хабарласып, Садовое ауылынан 10 км қашықтықта шаңғы жолында Астана қаласының 2006 жылғы тұрғыны қайтыс болғандығын айтқан.
«Анықталғандай, жасөспірім ата-анасымен бірге шаңғы базасына демалуға келген. Шаңғы жолымен төмен сырғанап бара жатқан жасөспірім ағашқа соғылып, сол жерде көз жұмған. Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 306-бабы бойынша («Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету») сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары