Алдымызда жоспарланған реформаларды жүзеге асыру міндеті тұр - Ерлан Қарин

Алдымызда жоспарланған реформаларды жүзеге асыру міндеті тұр - Ерлан Қарин

Алдымызда жоспарланған реформаларды жүзеге асыру міндеті тұр - Ерлан Қарин
ашық дереккөзі
50205
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында қасіретті қаңтар оқиғасы туралы жазба жариялады деп хабарлады turkystan.kz.
«Осыдан бір жыл бұрын қайғылы қаңтар оқиғасы болды. Сол күндері бүлікшілер бейбіт шерулерді пайдаланып, жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырып, мемлекеттік төңкеріс жасауға тырысты. Олардың басты мақсаты - жүргізіліп жатқан жаңашылдықтарға тосқауыл болу еді. Сол сәтте еліміздің хаос пен анархияға түсу қаупі төнді. Әр минут маңызды еді. Бұл уақытта басты мәселе - мемлекеттігімізді сақтап қалу болды. Азаматтардың бірлігі мен Президенттің шешуші әрекетінің арқасында мемлекеттік төңкеріс болмады. Біз үлкен апатты болдырмай, жағдайды тұрақтандыра алдық» деп жазды Мемлекеттік кеңесші.
Сондай-ақ ол алда жоспарланған реформаларды толық жүзеге асыру міндеті тұрғанын айтты.
«Мұндай дағдарысты бастан өткерген мемлекеттер билігі жағдайды жабық ұстауға, саяси жүйені мығымдауға не қатаң тәртіп енгізуге тырысады. Бұл орайда, еліміздегі либерализация мен демократияға бағытталған қозғалыс тоқтап қалмады, үдей түсті. Президенттің бастамасымен елімізде қарқынды және жан-жақты жаңғырту процесі басталды. Алдымызда қоғам бірлігін сақтай отырып, жоспарланған реформалар легін толық жүзеге асыру міндеті тұр», - деді Е.Қарин.

Серіктес жаңалықтары