50245
Бұрын сотталған әкім жазасын толық өтемей, бостандыққа қалай шықты?
Бұрын сотталған әкім жазасын толық өтемей, бостандыққа қалай шықты?
Ақтөбе қаласы Алмалы ауданының сотталған бұрынғы әкімі Абат Көбенов бостандыққа шықты деп хабарлады turkystan.kz.
Абат Көбенов бас бостандығынан айыру туралы үкімді айыппұлға ауыстырған.
Апелляцияны Ақтөбе облысының соты қарап, алаяқтық жасағаны үшін сотталған әкімнің жазасын айыппұлмен ауыстыруға болады деген шешімге келген. Енді әкім 3 жыл түрмеде отырудың орнына 13 миллион 839 мың теңге төлеп, бостандыққа шығатын болды.
Сот баспасөзінің жазуынша, Көбенов өзі жазаны жеңілдетуді сұраған. Оның үш баласы және қартайған анасы бар екені де ескерілген. Сот іске қатысты материалдарды және шығарған үкімді қайта қарап, айыппұлға ауыстыру туралы шешімге келген.
Абат Көбенов өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылған.