7 өңірдің оқушылары сабақты қашықтан оқитын болды

7 өңірдің оқушылары сабақты қашықтан оқитын болды

7 өңірдің оқушылары сабақты қашықтан оқитын болды
ашық дереккөзі
50382
Еліміздің бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты оқушылар бірінші ауысымдағы сабақты қашықтан оқиды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Абай облысында Семей және Курчатов қалаларында, Бесқарағай, Аягөз аудандарында бірінші ауысымның 1-11 сынып оқушылары және колледж студенттері онлайн білім алады. Қалған аудандарда сабақ әдеттегідей офлайн режимде өтеді. Шығыс Қазақстанның Глубокое ауданында 0-11 сынып оқушылары үйде қалады. Қостанай облысында облыс орталығы мен Рудныйда, Амангелді, Жангелдин, Жітіқара аудандарында балалар мектепке бармайды. Сонымен қатар Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында 35 градус аязға байланысты 0-11 сынып оқушылары және колледждің 1,2-курс студенттері қашықтан оқиды. Еске сала кетейік, кеше Астанада 9-сыныпқа дейінгі оқушылар онлайн форматқа ауысатыны хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары