50403
Бес жасар бала бауырларын өлімнен қалай аман алып қалғанын айтты
Бес жасар бала бауырларын өлімнен қалай аман алып қалғанын айтты
Бес жасар тапқыр бала өзін, інісі мен қарындасын өлімнен құтқарды деп хабарлады turkystan.kz Еуразия арнасына сілтеме жасап.
Бұған дейін Семейде үш баланың қараусыз қалып, газға уланғаны туралы хабарланған болатын. Балалар үйде өздері қалған. Сол кезде бес жасар бала күйіктің иісін сезеді. Содан 112 қызметіне қоңырау шалған. Ол өзінің мекенжайын нақты айта алмағандықтан, диспетчермен бейнебайланыс арқылы сөйлеседі.
«Балаға риза болдық. Ол бірден бәрін түсіндіріп, түтін шыққан жерді көрсетті. Мен пластикалық заттың еріп жатқанын көрдім. Содан кейін одан терезелерді ашуды сұрадым. Әрине, қорқыныш болды», – деді диспетчер Анара Аринова.Бала мен диспетчер 40 минут сөйлеседі. Өрт сөндірушілер сол жерге келіп, есікті сындырып, балаларды дәрігерлерге тапсырады. Олардың көміртегі тотығымен жеңіл түрде уланғаны белгілі болды. Жантөре Серікхан өрт жағдайында не істеу керек екенін теледидардан көргенін айтты. Мультфильмдердің бірінде төтенше жағдайда үш санды теру керек екенін түсіндірген.
«Мен мұны Фиксиктер деген мультфильмнен көрдім. Олар егер өрт болса, 112 нөміріне қоңырау шалу керек деді. Мен өзімді батыр сезіндім», – деді ол.