50311
105-тен асқан адамдардың ДНҚ-сы зерттелді: енді ұзақ жасаймыз ба?
105-тен асқан адамдардың ДНҚ-сы зерттелді: енді ұзақ жасаймыз ба?
105 жастан асып, ұзақ жасаған адамдардың ДНҚ-сын зерттеген арнайы топ бірнеше генетикалық факторларды анықтаған. Ол басқа да адамдардың ұзақ жасауына әсер етуі мүмкін деген болжамды зерттеуге баса назар аударатын болады.
Жер бетіндегі өмір сүру ұзақтығы орташа есеппен - 72 жас, алайда кей елдерде бұл көрсеткіш тағы он жылды қоса құрайды.
Зерттеу арқылы алынған есеп бойынша, адамдардың ұзақ жасауына генетика үлкен рөл ойнайды, бірақ олар нақты белгілі бір адамдардың басқа адамдарға қарағанда ұзақ жасайтынын айта алмайды. Арнайы топ осы зерттеу арқылы ерте қартаюдың алдын алуға болатынын айтып отыр.
Адамның ұзақ өмір сүруін зерттеу үшін зерттеушілер 81 жартылай ұзақ өмір сүретін және өте ұзақ өмір сүретін геномдарды ретке келтірген (бұл - 105-110 жас арасындағы адамдар).
Содан кейін олар орташа жасы 68 болатын 36 сау адамның геномдарымен салыстырған.
«Осы жас тобындағы адамдар көп жаста кездесетін аурулардан аулақ болған, сондықтан дұрыс қартаюдың ең жақсы үлгісін ұсынады», - деп түсіндірді Болон университетінің бірінші авторы Паоло Гараньяни.