50194
Kingdom Suite: Роналду орналасқан қонақүй несімен ерекше?
Kingdom Suite: Роналду орналасқан қонақүй несімен ерекше?
Криштиану Роналду «Аль-Наср» клубына ауысқаннан кейін Four Seasons Riyadh қонақүйіне тұрақтады деп хабарлады turkystan.kz.
Танымал футболшыны таныстыру рәсімі өткен аптада Эр-Рияд қаласында өткен болатын.
Алғашқы екі ойында клуб сапында ойнауға тыйым салынғанымен, Роналду отбасымен Four Seasons Riyadh қонақүйіне орналасып, Сауд Арабиясындағы жаңа өмірін бастап кетті.
Four Seasons Riyadh – Сауд Арабиясының ең танымал ғимараттарының бірі, 302 метрлік Kingdom Centre-де орналасқан.
Daily Mail-дың хабарлауынша, Криштиану Роналду және оның отбасы, достары мен қызметкерлері қонақүйдегі 17 бөлмені алған. Жалпы құны – 300 мың доллардан асады.
Бөлмелер арасында ең ерекшесі – Криштиану Роналду мен Джорджина Родригес орналасқан екі қабатты Kingdom Suite.
[caption id="attachment_209701" align="alignnone" width="1920"] fourseasons.com сайтынан[/caption]
Four Seasons қонақүйінің сайтында Kingdom Suite-ді: «Ең жаңа екі қабатты бөлме қонақүйдің 48 және 50-қабаттарын алып жатыр, онда қонақ бөлме, жеке кабинет, асхана және медиа-зал бар» деп сипаттаған.
Қонақүйдің ресми сайтында ең үлкен бөлмелердің бағасы көрсетілмеген. Алайда, мәлімет бойынша, айына 17 бөлме үшін 300 мың доллардан астам ақы төленеді.
[caption id="attachment_209702" align="alignnone" width="1920"] fourseasons.com сайтынан[/caption]
Айта кетейік, 2025 жылға дейін келісімшарты бар футболшы Сауд Арабиясына қоныстанып, корольдік мәдениетімен танысады.
Сондай-ақ қонақүй қызметкерлеріне Роналдудың жеке өміріне араласуына, жұмысына кедергі келтіруіне қатаң тыйым салынған. Ол Эр-Риядқа келгеннен бері бір минут та футбол ойнамады. Алайда желіде жапон мейрамханаларының бірі Miyazo-да жанкүйерлерімен түскен суреті тарап кетті.