Ақтауда цистерна жарылып, бір адам қайтыс болды

Ақтауда цистерна жарылып, бір адам қайтыс болды

Ақтауда цистерна жарылып, бір адам қайтыс болды
ашық дереккөзі
50241
Ақтау қаласының маңында жанармай цистернасы жарылып, зардап шеккен екі адамның бірі ауруханада қайтыс болды  деп хабарлады turkystan.kz. Оқиға 7 қаңтар, сағат 21:00 шамасында Ақтау маңындағы «BBJ GROUP» ЖШС көлік компаниясының базасында болған.
 «Науқастардың бірі қайтыс болды. 1981 жылы туған екінші жігіт ауыр жағдайда. Оның бассүйек-миы жарақаттанған, оң аяғы мен оң иығы күйген. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр», – деп хабарлады аурухана қызметкерлері.
Қазіргі күні цистернаның не себепті жарылғанын жауапты органдар анықтап жатыр.

Серіктес жаңалықтары