Астаналық ер адам 24-қабаттан секірмек болған (ВИДЕО)

Астаналық ер адам 24-қабаттан секірмек болған (ВИДЕО)

Астаналық ер адам 24-қабаттан секірмек болған (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50372
Елорда полицейлері 24-қабаттан секірмек болған ер адамды құтқарып қалды деп хабарлады turkystan.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап. Полицияның 102 арнасына түнде Сарайшық көшесінде орналасқан көпқабатты үйдің балконында ер адам отырғаны және секіруге талпынғаны туралы ақпарат түсті. Оқиға орнына полиция қызметкерлері Ержан Айса мен Нұрсұлтан Егембайдан тұратын Астана қаласы ПД патрульдік полиция полкінің жасағы дереу жіберілді. Оқиға орнына келген полицейлер балкон қоршауынан еңкейіп, төменге секірейін деп отырған адамды көрген. Жағдайды бақылап, уақытты жоғалтпай, тәртіп сақшылары тез арада жоғары көтерілді. Оларды байқаған ер адам өзіне жақындамауды ескертіп, айқайлай бастаған. Полицейлер ер адаммен диалог құруға тырысты және оның алданып тұрған сәтін пайдаланып, оған тез жүгіріп барып, ұстап үлгерді. Кейін олар ер адамды қауіпсіз жерге апарып, стресстік жағдайды шешуге көмектесіп, тыныштандырған. Секірмек болған ер адам Есіл ауданының полиция басқармасына жеткізілді. 28 жастағы азаматтың мұндай іс-әрекетке не итермелегені анықталып жатыр. Психологтармен бірлесіп онымен профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Серіктес жаңалықтары