Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде қатты аяз болуы мүмкін

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде қатты аяз болуы мүмкін

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде қатты аяз болуы мүмкін
ашық дереккөзі
50259
10 қаңтарға арналған ауа райы болжамы жарияланды деп хабарлады turkystan.kz.
«Қазақстан аумағының басым бөлігіне арктикалық антициклон әсер етеді және жауын-шашынсыз аязды ауа райы болуы мүмкін. Тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты қар жауады, облыстың оңтүстігінде және таулы аймақтарда кейде қалың қар жауып, жел күшейеді, боран, тұман, көктайғақ болуы мүмкін», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Түнде Маңғыстау облысында қатты аяз -25 градус, Атырау облысында қатты аяз -30 градус, Ақтөбе облысында қатты аяз -35-39 градус, Қостанай облысының шығысында қатты аяз -40 градус болуы мүмкін. Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болуы мүмкін. Батыстан соғатын жел 2-7 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -33-35, күндіз -28-30°С болады. Алматыда күн бұлтты, таңертең және күндіз қалың қар жауады. Кейде тұман, көктайғақ болады. Жел 0-5 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз -4-6°С аяз болып, күндіз одан да төмендейді. Шымкентте көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде қар жауады. Кейде тұман, көктайғақ болуы ықтимал. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде және күндіз -7-9°С болады.

Серіктес жаңалықтары