Қазақстанда 122 жол учаскесі жабылды

Қазақстанда 122 жол учаскесі жабылды

Қазақстанда 122 жол учаскесі жабылды
ашық дереккөзі
50239
Елімізде ауа райының нашарлауына байланысты тас жолдардың 122 учаскесі жабылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. Оның ішінде 42 жолда дизельмен жүретін жүк көліктері мен автобустардың қозғалысына тыйым салынған. Өңірлердің ішінде әзірге Қарағанды облысында ғана жолда автокөлік жиналған. Дәл қазір Қарағанды облысының Теміртау қаласынан шыққан тұсында 57 техника тұр. Ағымдағы тәулікте құтқарушылар 7 адамды, оның ішінде 5 баланы (Қостанай – 7/5) эвакуациялады. Уақытша жылыту пунктіне 56 адам орналастырылды, оның ішінде 11 бала бар (Ақмола облысы – 49/6, Қостанай облысы – 7/5).

Серіктес жаңалықтары