Ержан Максим әлемдік байқаудан гран-при жеңіп алды

Ержан Максим әлемдік байқаудан гран-при жеңіп алды

Ержан Максим әлемдік байқаудан гран-при жеңіп алды
ашық дереккөзі
50326
Қазақстандық жас әнші Ержан Максим тағы бір әлемдік байқаудың гран-приін ұтып алды. Бұл туралы ол әлеуметтік парақшасында жазды деп хабарлады turkystan.kz.
«Ең әуелі Аллаға шүкіршілік айтамын және бар дұға-тілектерін жаудырып жатқан еліме ерекше алғысымды білдіремін. Мен WAF AWARDS премиясына және WAF CONTEST байқауына қатысып, гран-приді жеңіп алдым. Осы WAF AWARDS жүлдесіне әлемнің түкпір-түкпірінен 12 бала таңдалыпты. Соның ішінде мен де шақырту алдым. Жарысқа 16 елден 32 бала келіпті. Алғашында «байқауға қатысамын» деп ойлаған жоқпын. Осы жеңісімді барша қазақ еліне арнаймын және көк туымыз көкте, әлемде желбірей берсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш боп, жеңістерге, биіктерге көтеріле берейік» деп жазды Ержан Максим.
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от ЕРЖАН МАКСИМ (@maksim_erjan)

Серіктес жаңалықтары