«Таканакуй» дәстүрі: перуліктер татуласу үшін жұдырыққа жүгінеді

«Таканакуй» дәстүрі: перуліктер татуласу үшін жұдырыққа жүгінеді

«Таканакуй» дәстүрі: перуліктер татуласу үшін жұдырыққа жүгінеді
ашық дереккөзі
50551
Перудің Чумбивилкас провинциясындағы Куско аймағында рождестволық көне дәстүр қалыптасқан. Бұл «Таканакуй фестивалі» деп аталады. Бір қызығы, осы дәстүр бойынша бір-біріне өкпелеп жүрген, біреуде кегі немесе реніші бар адамдар арадағы келіспеушілікті сотқа жүгінбей, ережесіз жекпе-жек арқылы шешеді.   width= «Таканакуй» кечуа тілінен аударғанда «бір-бірін ұру» деген мағынаны білдіреді. Алғаш рет мұндай үрдіс Чумбивилкас провинциясының Санто-Томас аймағында пайда болды. Кейіннен бүкіл Куско аймағына және ауылдарға, тіпті Перу астанасы Лимаға да таралған. Жергілікті тұрғындар бұл жоралғыны жыл сайын 25 желтоқсанда атап өтеді. Рождествоның қарсаңына орайластыруының себебі – барлық мәселені ескі жылда қалдырып, жаңа жылды тату, бейбіт түрде қарсы алу.  width= Дәстүрге сай жұрт жиналып, ортаға шыққан екі адамның жұдырықтасқанын тамашалайды. Алаңда судья міндетті түрде жүреді. Мықтысы жеңбейінше жекпе-жекті тоқтатпайды. Қарсыластар бір-бірін аяусыз соққыға жықса да, жекпе-жек аяқталған соң қол алысып, қос тарап татуласады. Төбелес алдында адамдар түрлі-түсті ұлттық костюм және қарсыласынан бет-жүзін жасыру үшін балаклава киіп шығады. Дегенмен алаңға шыққандар кімге қарсылас болатынын алдын ала біледі.  width= Перу жұрты махаббаттан бастап, жер дауына дейінгі мәселені дәл осы дәстүр арқылы шешеді. Аталған елдің билігі бір кездері «Таканакуй» дәстүрін жабайылық деп санап, оған тыйым салуға тырысса да нәтиже шығара алмаған.  width=

Серіктес жаңалықтары