«АMANAТ» партиясының комитетінде жүк тасымалдау мәселесі талқыланды

«АMANAТ» партиясының комитетінде жүк тасымалдау мәселесі талқыланды

«АMANAТ» партиясының комитетінде жүк тасымалдау мәселесі талқыланды
ашық дереккөзі
50246
Қостанайда «АMANAТ» партиясы жанындағы Көлік және логистика комитетінің көшпелі отырысы өтті. Онда темір жол және жүк тасымалындағы түйткілді мәселелер талқыланды. Комитет төрағасы, Мәжіліс депутаты Самат Ақышев Қостанай облысындағы жүк тасымалдаушы компания өкілдерінің арыз-шағымдарын тыңдады. Логистикалық компания өкілі Олеся Шаравинаның айтуынша, былтырдан бастап кәсіпкерлер жұмысына кедергі келтіретін көптеген шектеу пайда болды.
 «Тиісті мекемелер дер кезінде оңтайлы шешім қабылдамай отыр. Жүк вагондары жетпегендіктен тасымалдаушыдан тауар алушыға дейін барлығы зардап шегіп отыр. Кейбір тауарлар межелі жерге жеткенше бұзылып кетеді. Өйткені жүк тиелген вагон ұзақ уақыт қаңтарылып тұрып қалады. Соның салдарынан талай кәсіпкер зардап шегуде», - дейді ол.
Тасымалдаушыларды толғандырған тағы бір мәселе – шет елге тауар тасымалдауға рұқсат қағаздың аз берілуі.  width=
«Шет елге жүк тасуға рұқсат Халыққа қызмет көрсету орталығында жеке кәсіпкерлерге беріледі. Жүк көлігі жоқ кәсіпкерлер де бұл құжатты сатып алып, тасымалдаушыларға екі есе қымбат бағаға сатады. Ал нақты жүк тасымалымен айналысатын компанияларға жетпей қалады», - дейді кәсіпкер Алдан Менкеев.
Өз кезегінде депутат Самат Ақышев  бұл мәселе бақылауға алынатынын айтты. Жиында Қостанайдағы қоғамдық көліктерді жаңарту жайы да сөз болды. Жолаушылар тасымалымен  айналысатын кәсіпорындар автобус сатып алуға ақшамыз жетпейді деп отыр. Облыс орталығы үшін өткен жылы тек 5 автобус сатып алынды. Самат Ақышев аймақтағы кәсіпкерлер ұшырасып отырған кедергілерді тиісті министрлікке  жеткізетінін айтты.

Серіктес жаңалықтары