Жиналыстан үнемі үнсіз кетесіздер – облыс әкімі

Жиналыстан үнемі үнсіз кетесіздер – облыс әкімі

Жиналыстан үнемі үнсіз кетесіздер – облыс әкімі
ашық дереккөзі
50299

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды білім ошақтарындағы мәселелерге көз жұма қараған әкімдерді сынға алды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

– Тапсырманы орындау керек. Бұл – балалар үшін. Олар жайлы жағдайда өссе, болашақта да соған ұмтылады. Аудан, ауыл әкімдері, бұлар –сіздердің де балаларыңыз. Белсенді қатысып, ұсыныс беріп отырсаңыздар. Жиналыстан үнемі үнсіз кетесіздер. Не жұмыс жоқ, не ұсыныс жоқ. Мектептердегі мәселені «маған қатысы жоқ» деп құр отыра бермей, жанашырлық танытыңыздар. Интернет бойынша операторларға неге өздеріңіз шықпайсыздар? Халықпен кездесуде бұл мәселелер жиі көтеріледі. Сіздердің аумақта болып жатқаннан кейін, құрылыс болсын, жол болсын, мектептердегі проблема болсын, олар бойынша сіздер ұсыныс берулеріңіз керек,– деді Дархан Сатыбалды.

Басқосуда мемлекеттік-жекешілік әріптестік шеңберінде білім ұяларындағы дабыл батырмаларын орнату барысы да баяндалды. Түркістан облысында жалпы 983 мектеп (оның: 908-і – мемлекеттік, 75-і –жекеменшік) жұмыс істесе, онда 514 мыңнан астам оқушы білім алады. Ал облыстағы 52 колледжде (оның: 29-ы – мемлекеттік, 23-і – жекеменшік) 38 мыңға жуық студент білім алса, 1364 балабақшада (266 – мемлекеттік, 55 – шағын орталық, 1043 – жекеменшік) 150 мыңнан астам бала тәрбиеленуде. Жалпы, білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі тұрақты бақылауда.

Серіктес жаңалықтары