Төтенше жағдайлар министрлігінің академиясында енді қыздар да оқи алады

Төтенше жағдайлар министрлігінің академиясында енді қыздар да оқи алады

Төтенше жағдайлар министрлігінің академиясында енді қыздар да оқи алады
ашық дереккөзі
50535
Енді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің академиясына оқуға қыздардың да түсуіне мүмкіндік бар. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті мен Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінде ҚР ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясына оқуға түсу үшін қабылдаулар басталды. «Академияға орта білімі бар 16 жасқа толған, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке және оқуға жарамды азаматтар қабылданады. Қабылдаулар медициналық, физикалық және психофизиологиялық көрсеткіштерге сәйкес іріктеу нәтижелерін ескере отырып, ҰБТ сертификатының балдарына сәйкес конкурс бойынша жүргізіледі. Курсанттарды оқыту республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады. Сонымен қатар, биылғы өзгерістерге байланысты, мұнда қыздарға да түсуге мүмкіндік бар», - делінген департаменттің баспасөз қызметінің хабарламасында. Айта кетейік, курсанттар 4 жылдық оқу мерзімінде тегін киім-кешекпен, тамақпен және мемлекеттік стипендиямен қамтамасыз етіледі және демалыс кезінде жол жүру ақысы төленеді.

Серіктес жаңалықтары