50332
Ертең бірнеше өңірде мектеп оқушылары онлайн оқиды
Ертең бірнеше өңірде мектеп оқушылары онлайн оқиды
Ауа райының бұзылуына байланысты 13 қаңтар күні бірнеше өңірде мектеп оқушылары онлайн оқиды деп хабарлады turkystan.kz.
Атап айтқанда, Ақтау қаласында мектепалды даярлық сыныптары және 1-11 сынып оқушылары қашықтан оқуға көшіріледі.
Абай облысының Аяғөз, Бесқарай, Ақсуат аудандарында бірінші ауысымның 1-11 сыныптары онлайнға көшіріледі. Сондай-ақ Семей қаласы мен Үржар ауданында 1-9 сынып оқушылары, Абай ауданының 1-4 сынып оқушылары үйден оқиды. Қалған аудандарда сабақ штаттық форматта өтеді.
Жамбыл облысының мектептерінде де білім беру қашықтан өткізіледі.