Жетісай әкімі 3 млн теңгеге салынған әжетхананың ашылуына қатысты

Жетісай әкімі 3 млн теңгеге салынған әжетхананың ашылуына қатысты

Жетісай әкімі 3 млн теңгеге салынған әжетхананың ашылуына қатысты
ашық дереккөзі
240

Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай қаласының әкімі қалада пайдалануға берілген жаңа әжетхананың ашылу рәсіміне арнайы келіп қатысты. Бұл туралы  NUR.KZ хабарлады.

 Ақпарат көзінің хабарлауынша, Мақтаарал ауданының орталығы Жетісай қаласында заманауи үлгідегі қоғамдық әжетхана пайдалануға берілді. Көпшілік қажеттілігіне арналған бұл нысан көпқабатты үйлердің тұрғындарына лайықталып салынған. Әжетхананың ашылу салтанатына қала әкімі Байдуалы Базарбаевтың өзі арнайы келіп қатысты.
Өз сөзінде Базарбаев мырза Жетісайдағы бірқатар әжетханалар санитарлық талаптарға сай еместігін жеткізіп, заманауи үлгідегі бұл нысан аудан әкімінің бастамасымен бой көтергенін айтты. Сонымен қатар тұрғындарға оны таза ұстау қажеттігін ескертті. Әжетхананың салуға 3 140 000 теңге жұмсалған. Бұл соманы естіген желі қолданушылары мұнша қаржыға бір үй салып алуға болатынын айтып, таңданыстарын жасырмады. Алдағы уақытта мұндай нысан қаланың тағы да өзге орындарында салынбақ.  

Серіктес жаңалықтары