Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы жұмбақ жағдайда көз жұмды

Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы жұмбақ жағдайда көз жұмды

Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы жұмбақ жағдайда көз жұмды
ашық дереккөзі
50297
13 қаңтар күні Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бегімбет ауылында үй ауласындағы сарайында асылып қалған 16 жастағы қыздың денесі табылды. 9-сынып оқушысының өз-өзіне қол жұмсауына не себеп болғаны әлі белгісіз деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz телеграм арнасына сілтеме жасап. Ауыл әкімі Оралбек Әбшанов мұғалімдер мен психолог бұрын қыздан ешқандай өзгеріс байқамағанын айтты. Анасы да отбасында жанжал болмағанын айтты.
Қонақтарды түнгі он екіде шығарып салған соң, анасы қызын іздеп, ауладан тауып алды, - деді әкім gorod_aktobe Instagram-парақшасында.
Ақтөбе облыстық білім басқармасының орынбасары Нұргүл Бертілеуованың айтуынша, 2007 жылы туған оқушы қыз өзіне қол жұмсау туралы хат қалдырмаған.
Ол ауқатты отбасында тәрбиеленген, оқу үлгерімі жақсы. Оның неліктен өз-өзіне қол жұмсағаны белгісіз, - деді Бертілеуова.
Бұл оқиғаның себептерін анықтау мақсатында тергеу жүргізілуде.
Аталған факті бойынша «суицидке жеткізу» ҚК 105-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды,- делінген полиция хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары