Алматыда жылу құбыры жарылды (ВИДЕО)

Алматыда жылу құбыры жарылды (ВИДЕО)

Алматыда жылу құбыры жарылды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50241
Алматыда тұрғын үй кешенінің маңында жылу құбыры жарылып, жерден ыстық су атқылады деп хабарлады turkystan.kz. Мәлімет бойынша, оқиға 16 қаңтарда түнде Алмалы ауданы Сайран көлінің маңында орналасқан «Жайлы» тұрғын үй кешенінің аумағында болған. Салдарынан бірнеше көпқабатты үй уақытша жылусыз қалды.
«Таңғы сағат 3 пен 4-тің арасында ішкі учаскеде жылу құбыры жарылды. Біздің мамандар апат орнына барып, оны қалпына келтіруге көмектесті. Таңғы сағат 8-ге қарай үйлерге жылу берілді. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ», - деді Алматы қаласы Жылу энерго кешені және ТКШ ресми өкілі Ян Гирин.
Оның айтуынша, құбыр 2003 жылы пайдалануға берілген. Оның диаметрі – 150 сантиметр.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от @dorogi_almaty_official +21🇰🇿 (@dorogi_almaty_official)

Серіктес жаңалықтары