Дәрігер Юрий Шумковты өлтірген күдіктіге үкім шықты

Дәрігер Юрий Шумковты өлтірген күдіктіге үкім шықты

Дәрігер Юрий Шумковты өлтірген күдіктіге үкім шықты
ашық дереккөзі
50242
Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында гастроэнтеролог-дәрігер Юрий Шумковты өлтірді деп айыпталған күдіктіге үкім шықты деп хабарлады turkystan.kz. Сот 1987 жылы туған Нұржан Тұрсынбаевты бірнеше бап бойынша кінәлі деп танып, оны 18 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтейді. Бұған дейін прокурор кісі өлтірді деп айыпталған ер адамды 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. Сотталушы Нұржан Тұрсынбаевқа бірден Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша айып тағылды: ҚР ҚК 99-бабы, 2-бөлігі ("Кісі өлтіру"); ҚР ҚК 115-бабы ("Қорқыту"); ҚР ҚК 287-бабы, 2 және 3-бөліктері ("Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру"); ҚР ҚК 291-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы ("Қаруды, оқ-дәрілердi, жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын жымқыру не қорқытып алу"); 380-бап, 1-бөлім ("Билік өкіліне қатысты қатер немесе зорлық-зомбылық"). Еске салсақ, 2022 жылы 4 сәуір күні Алматыда дәрігер емделуші пациентінің қолынан қаза тапты. Оны күдікті аңшы мылтығымен атып тастаған. Аса ауыр қылмыс қаланың Бостандық ауданында болған. Күдікті қалада енгізілген арнайы жоспар барысында Алатау ауданы аумағында ұсталды.

Серіктес жаңалықтары