Бірнеше сағаттан соң Астанада Сирия жөніндегі келіссөздер басталады

Бірнеше сағаттан соң Астанада Сирия жөніндегі келіссөздер басталады

Бірнеше сағаттан соң Астанада Сирия жөніндегі келіссөздер басталады
ашық дереккөзі
235

Бүгін, 23 қаңтарда елордада Сирия дағдарысын шешу бағытындағы келіссөздер басталады. Келіссөздерге қатысатын барлық өкілдер Астанаға жиналды.

Сирия Араб Республикасы үкіметінің өкілдері, Сирия оппозициясы өкілдері, Ресей Федерациясы, Түркия, Иран Ислам Республикасы мен АҚШ өкілдері де елордаға келіп үлгерді. Келіссөздер бүгін сағат 13.00-де басталады деп жоспарланған.

Айта кетейік, кездесу жабық есік жағдайында «Риксос» қонақ үйінде өтеді. Бұл кездесуден нақты шешімдер мен Сирия дағдарысын шешуде ілгерілеу, бітімгершілік күтіледі. Қазірдің өзінде әлемнің 380-ге жуық БАҚ өкілдері елордадағы айтулы шараға назарларын салып отыр.

«Астана процесінің табысты етуін қалаймыз», - деп мәлімдеді БҰҰ-ның Сирия жөніндегі арнайы өкілі Стаффан де Мистура.

Алдын-ала жоспар бойынша келіссөздер 24 қаңтар күні сағат 13.00-де аяқталуы тиіс. Ал ресми тіркелген журналистер үшін «ҚазМедиаОрталығында» ашылған баспасөз орталығы таңғы 9-дан бастап тәулік бойы жұмыс істейтін болады.

Серіктес жаңалықтары