Универсиада: қазақстандық шаңғышы алтын медаль жеңіп алды

Универсиада: қазақстандық шаңғышы алтын медаль жеңіп алды

Универсиада: қазақстандық шаңғышы алтын медаль жеңіп алды
ашық дереккөзі
50275

Қазақстандық шаңғышы Данил Васильев АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өтіп жатқан Универсиадада Қазақстан қоржынын екінші алтынмен толықтырды деп хабарлады turkystan.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Васильев қалыпты шаңғымен секіру жарысында жеңіске жетті. Бірінші талпыныста ол 127,2 ұпаймен бірінші орын алса, соңғы айналымда екінші (130,1) болып мәреге жетті.

Екі тәсілдің қосындысы бойынша қазақстандық австриялық Максимиллиан Линхерді (251,4) және Тимон Паскаль Кахоферді (248,8) басып озып, 257,3 ұпаймен үздік нәтиже көрсетті.

Серіктес жаңалықтары