50412
39 жастағы Орал тұрғыны үшем қызды дүниеге әкелді
39 жастағы Орал тұрғыны үшем қызды дүниеге әкелді
Қаңтар айының басында бір минут аралықпен Орал қаласының облыстық перинаталдық орталығында үшем қыздар дүниеге келді деп хабарлады turkystan.kz.
Айназ, Айзада, Айдана атты үшемнің екі үлкен ағасы мен әпкесі бар. Көпбалалы отбасы облыс орталығында тұрады, балалардың туу салмағы 2279, 2240 және 2700 грамды құрады.
Әйелдің толғағы мерзімінен бұрын басталғандықтан, оған перинаталдық орталықтың білікті мамандарының қатысуымен кесарь тілігі операциясы жасалды.
Салмақ қосқанға дейін облыстық перинаталдық орталықта дәрігерлердің бақылауында болған сәбилер анасымен бірге ауруханадан шығарылды.
Үшемнің анасы 39 жастағы Жадыра Іңкәрованың айтуынша, Айдана мен Айзада бір-біріне өте ұқсас. Ал Айназ сәл өзгеше.
Өткен жылы бұл орталықта 6116 бала дүниеге келгенін, олардың үшеуі - үшем, 78-і - егіз, туған нәрестелердің басым көпшілігі қыздар екенін айта кеткен жөн.