50331
Теңіз вахталық кентінде 41 жастағы ер адам қаза болды
Теңіз вахталық кентінде 41 жастағы ер адам қаза болды
Жылыой ауданындағы Теңіз вахталық кентінде кісі өлтіру оқиғасы тіркелді. «ТШО» ЖШС баспасөз қызметі хабарлағандай, Bonatti фирмасының екі қызметкері арасында жанжал шыққан деп жазды turkystan.kz.
«Ақ Жайық» басылымының мәліметінше, оқиға салдарынан 41 жастағы ер адам пышақ жарақатынан сол жерде қайтыс болған. Ал 50 жастағы күдікті қамауға алынды.
«Кісі өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.