Алаяқтар жарнамаға Президенттің есімін пайдаланған

Алаяқтар жарнамаға Президенттің есімін пайдаланған

Алаяқтар жарнамаға Президенттің есімін пайдаланған
ашық дереккөзі
50248
Елімізде азаматтарды жоғары табыс табуға уəде бере отырып, түрлі инвестициялық бағдарламаларға, оның ішінде «Халықтық IPO» бағдарламасы бойынша тарту жағдайлары жиілеп кетті. Бұл туралы бас прокурор Берік Асыловтың Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында жазылған деп хабарлады turkystan.kz. 2022 жылы барлығы 742 осындай іс тіркелді. Оның ішінде 93 жағдайда жəбірленушілер «ҚазМұнайГаз» жəне «Халық банк» (қалғандары: «Еңбек инвест», «Қазминералс», «Forex Freedom» жəне т.б.) атынан ұсынылған түрлі компанияларға инвестиция салған.
«Бұл ретте, мониторинг барысында ІІМ Мемлекет басшысының есімін пайдаланған 70 жарнаманы анықтады. Олар кейіннен қазақстандық пайдаланушылардың қол жеткізуіне тосқауыл қою үшін Ақпарат жəне қоғамдық даму министрлігінің «Кибернадзор» АЖ-ға енгізілді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», - деп жазылған жауапта.

Серіктес жаңалықтары