Қытайдан оралған қазақ қытайлық күйеубалалардың пиғылын жайып салды

Қытайдан оралған қазақ қытайлық күйеубалалардың пиғылын жайып салды

Қытайдан оралған қазақ қытайлық күйеубалалардың пиғылын жайып салды
ашық дереккөзі
291

Ұзақ жылдар бойы Қытайда тұрып, жеке кәсібін дөңгелеткен  Бәтима есімді азаматша қазақ қыздарына қырғидай тиген қытай жігіттерінің түпкі пиғылы қандай екенін айтып берді. Қазақстанға Қытай тарапынан қауіп төндіріп тұрғанын жеткізген кәсіпкердің ескертуін Rgmedia.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап NUR.KZ жариялады.

Қытайда  біраз жыл өмір сүріп, кейін ата жұрты Қазақстанға қайтып келген Бәтима Егембердіқызы көкейінде жүрген ойларын жайып салды.  "Қазақ қыздарына қытайлықтар құда түсе бастапты. Бұл енді барып тұрған сұмдық! Әрі алаяқтық деуге болады. БАҚ-та қытайлық күйеубалаларды өте бай деп жарнамалаған. Ал, олар шынында бай ма? Оған кім нақты кепілдік бере алады? Біздің қаракөз қыздар "бай" дегенге қызығып, оларға ойланбай тұрмысқа шығып кетуі әбден мүмкін.

Мен өзім Қытайда ұзақ жыл тұрдым. Қытайда мынадай саясат бар. Егер Қытай азаматы шетел азаматшасымен некелессе, оларға белгілі бір көлемде ақшалай сыйақы береді. Мысалы, 10-15 мың доллар көлемінде. Қазір нақты қанша екенін ұмытып тұрмын. Қытайдағы арнайы орындарға шетел азаматшасымен некелескен құжатты көрсетсе болды. Міне, Қытайлықтар қазақ қызына қарақан басының мүддесі үшін ішкі есеппен үйленеді. Ішкі есеппен үйленген еркек әйелін сыйлай ма?", - деді Бәтима Ембердіқызы.

Кәсіпкердің айтуынша, Қытайда қыздарға қарағанда жігіттердің саны бірнеше есе көп болғандықтан, шетелдік келін әкелу қалыпты жайтқа айналған.  "Қытайда еркек көп. Оларда шетелдік қыз-келіншектерге сұраныс өте жоғары. Мысалы, осы Қазақстанда "Модель керек! Жалақысы өте жоғары!" дегендей жарнамаларды оқтын-оқтын кездестіріп қаламыз. Оңай ақшаға қызыққан қыз-келіншектерді "Таня апай" Қытайға апарады. "Бай боласың! Бай азаматпен отбасы құруыңа мүмкіндік өте жоғары! Шетелден шетел қоймай аралайсыңдар!" деген жылтырақ сөздерді құлағына әбден құйып тастайды. Әлгі қыз бұған мәз болып қалады. Осылайша, "Таня апай" модель болуға асыққан қыздарды қармағына түсіріп, Қытайға келісілген, тапсырыс берген жерге апарып тастап, ақшасын сытырлатып санап алып, тайып тұрады. Ары қарай әлгі "модель қыздар" құлдыққа салынады. Қандай құлдық екенін өздеріңіз білесіздер", - деп Қытайдың қыр-сырын білетін әйел қазақ қыздарын қауіпті ескертті.

Серіктес жаңалықтары