Рамиль Мухоряповтың ісі тоқтатылды – прокуратура

Рамиль Мухоряповтың ісі тоқтатылды – прокуратура

Рамиль Мухоряповтың ісі тоқтатылды – прокуратура
ашық дереккөзі
50275
Кәсіпкер, Choco холдингінің бас директоры және тең құрылтайшысы Рамиль Мухоряповқа қатысты іс тоқтатылды. Бұл туралы Алматы қаласының прокуратурасы хабарлады деп жазды turkystan.kz. Алматы қалалық Полиция департаменті Рамиль Мухоряповтың сөзіне сүйене отырып, әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық және діни араздықты қоздыру фактісін тексеру үшін сотқа дейінгі тергеуді бастаған болатын.
«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қылмыстық қудалау органы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабының 1-бөлігі 2-тармағына сәйкес қылмыстық құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты қылмыстық істі тоқтату туралы процессуалдық шешім қабылдады. Алматы қаласының прокуратурасы процессуалдық шешіммен келісті», - деді Алматы қаласы прокурорының орынбасары Нұрлан Ауғанбаев.
Айта кетейік, өткен жылдың қазан айында қазақстандық кәсіпкер, Choco холдингінің басшысы Рамиль Мухоряпов Ресейден көшіп келгендермен кездесуінде қазақ тіліне қатысты сөз айтып, басы дауға қалған. Видео желіге тарап, қолданушылар Мухоряповтың мәлімдемесін айыптады. Кейінірек Рамиль Мухоряпов Қазақстан халқынан кешірім сұраған видео үндеу жариялаған болатын.

Серіктес жаңалықтары