Түркістанда шағын футболдан әуесқой лиганың жеңімпаздары анықталды

Түркістанда шағын футболдан әуесқой лиганың жеңімпаздары анықталды

Түркістанда шағын футболдан әуесқой лиганың жеңімпаздары анықталды
ашық дереккөзі
50326
Түркістан қаласында шағын футболдан қалалық «Әуесқой Футбол Лига» 2022 жылғы күз-қыс маусым ойындарының жабылу салтанаты және футзалдан қала әкімінің кубогіне жеребе тарту шарасы өтті деп хабарлады turkystan.kz. Шараға қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков, қалалық мәслихат хатшысы Мақсат Асылбекұлы Таңғатаров, сондай-ақ мәслихат депутаттары, Түркістан қалалық Полиция басқармасының бастығы Бауыржан Жанаев және қаланың бас имамы Мұхамеджан Жұмадуллаев қатысты.
«Әуесқойлар арасындағы футбол – бұқаралық спорттың мейлінше кең таралған, танымал түрі. Спорт – денсаулық кепілі. Жас ұрпақтың дені сау болса, халқымыз әрқашан бәсекеге қабілетті болмақ. Сол себепті бүгінде мемлекет бұқаралық спорттың дамуына, жастардың салауатты өмір салтын ұстануына барынша жағдай жасап отыр», – деді қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков.
Шаһар басшысы «Әуесқой футбол лига» ойындарының жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан және қолдау білдірген Бақытжан Темірбаев, Біржан Шегебаев, Ихтияр Азимов, Жасұлан Базарбай, Еркін Нұрсұлтан, Сабыржан Камалов пен «Супер лига» тобындағы 3-орын алған «БАУЫРЛАР», 2-орын иемденген «ШАЛҚАР», 1-орын олжалаған «РМЗ ЖАСТАР» командаларын жеңістерімен құттықтап, футболшыларға ізгі тілегін жеткізді. Сондай-ақ жиын барысында қалалық мәслихат хатшысы Мақсат Таңғатаров және мәслихат депутаты Ғалымжан Батырханұлы, қалалық Полиция басқармасының бастығы Бауыржан Жанаев «Әуесқой Футбол Лига» ойындарының А, Б, С, Д топтарының жүлдегер командаларына арнайы алғыс хаттарды табыстады. Айта кетейік, қала көлемінде шағын футболдан «Әуесқой Футбол Лига» ойындары А, Б, С, Д және Супер лига топтарына бөлінген. Жалпы, 2022 жылдың күз-қыс маусымдық ойындарына 80 команда, көктем-жаз маусымдық ойындарына 64 команда қатысқан.

Серіктес жаңалықтары