51697
Қазақстан-Қытай шекарасы уақытша жабылады
Қазақстан-Қытай шекарасы уақытша жабылады
21-23 қаңтарда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері жұмыс істемейді деп хабарлады turkystan.kz мемлекеттік Кірістер комитетіне сілтеме жасап.
«ҚХР-да Көктемді мерекелеуге байланысты 2023 жылғы 21-23 қаңтарда қазақ-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайтындығын хабарлайды», - делінген мәлімдемеде.
Қазақстан-қытай шекарасындағы темір жол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.
«Тасымалдаушылардан және барлық шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз», - делінген хабарламада.