Ақтөбелік әйел жаңа туған сәбиін сатып жіберді

Ақтөбелік әйел жаңа туған сәбиін сатып жіберді

Ақтөбелік әйел жаңа туған сәбиін сатып жіберді
ашық дереккөзі
206

Ақтөбелік келіншек перзентханадан шыққан бойда жаңа туған нәрестесін сатып жіберген. Қазір оқиға бойынша тергеу жұмысы басталды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап «ҚазАқпарат» хабарлады.

Ақпарат көзінің жазуынша, бала сату дерегі 18 қаңтар күні тіркелген. Облыстық Ішкі істер департаменті қазір тергеу жұмыстарын жан-жақты жүргізіп жатыр. «Облыстық ІІД-нің қызметкерлері жедел іздестіру жұмысын жүргізді. Ақтөбе қаласындағы перинаталды орталықта босанып, кейін перзентханадан шыға бере баласын сатып жіберген Б. есімді азаматша қазір тергеу оқшаулағышында отыр. Оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің «Кәмелетке толмаған баланы сату» бабы бойынша іс қозғалды»,- деді облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Лаура Забих.

Қылмыстық кодекс бойынша «кәмелетке толмаған адамды сатып алу-сату немесе оған қатысты өзге де мәмілелер жасасу, сол сияқты оны қанау немесе азғырып көндіру, тасымалдау, беру, жасыру, алу, сондай-ақ қанау мақсатында өзге де іс-әрекеттер жасау» жазасы ауыр. Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, оның мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары