50414
Сот шешімі: Өскеменде 250 дәрігер жұмыссыз қалуы мүмкін
Сот шешімі: Өскеменде 250 дәрігер жұмыссыз қалуы мүмкін
Сот дауы клиника мен зауыт арасында туындаған. Бұрынғы профилактория алдымен зауытқа тиесілі болған, бірақ үш жыл бұрын мед-орталық ғимаратты 232 милн теңгеге сатып алған. Қайта жаңарту жұмыстарын жасаған, қымбат жабдықтар әкелген, жеке тәртіп орнатқан және азаматтарға МӘМС арқылы қызмет көрсеткен. Онда дәрігерлер күніне 500 адамнан қабылдап отырған.
Алайда ғимараттың бұрынғы иесі өзінің құқығын талап етіп шыққан. Кәсіпкер бұрынғы зауытқа тиесілі ғимаратты сату кезінде заң бұзушылық болған деп есептейді. Сот ғимаратты зауыт иесіне ақшасын қайта қайтармай, өткізіп беруге шешім шығарған.
Енді міне, 250 дәрігер көшеде жұмыссыз қалуы мүмкін, ал емхана банкротқа ұшырайын деп тұр. Мамандар Жоғары сотқа шағымданған.