50261
Қазақстандық кәсіпкер Ұлттық банкке 15 млрд теңге қайтарады
Қазақстандық кәсіпкер Ұлттық банкке 15 млрд теңге қайтарады
Сот бизнесмен Шадиевті 15 млрд теңгені Ұлттық банкке қайтаруға міндеттеді деп хабарлады turkystan.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы Бас прокуратура мәлім етті.
«Прокурорлардың актілерімен олигополияға заңсыз берілген мүлік мемлекетке қайтарылды, бизнестің мүдделері мен азаматтардың құқықтары қорғалды. Мәселен, Бас прокурордың 18 наразылығы бойынша мемлекетке магистральдық темір жолдар қайтарылды, 21,1 млрд теңгеге бюджет шығындарының алды алынды. Прокуратураның араласуынан кейін Жоғарғы сот бизнесмен О.К. Шадиевті 15 млрд теңгеден астам қарыз сомасын Ұлттық банкке қайтаруға міндеттеді», - делінген ведомство хабарламасында.