Заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару туралы заң жобасы қаралды

Заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару туралы заң жобасы қаралды

Заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару туралы заң жобасы қаралды
ашық дереккөзі
51110
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов орталық мемлекеттік органдар, Президент Әкімшілігі, Ұлттық банк және Бас прокуратура басшыларының қатысуымен Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысын өткізді деп хабарлады turkystan.kz primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. Қатысушылар Президент алға қойған міндеттерге сәйкес әзірленген елден заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару туралы заң жобасын қарады. Онда активтерді заңсыз шығаруға ықпал еткен шарттарды жоюға, оларды ерікті түрде қайтаруды ынталандыруға немесе мәжбүрлі түрде қайтару бастамасын көтеруге және     т.б. бағытталған нормалар қарастырылған. Уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін талдау нәтижелері бойынша активтер туралы арнайы декларацияны тапсыратын тұлғалардың шектеулі тізілімін құру жоспарлануда. Активтердің иесі олардың шығу тегін растай алмаған жағдайда, негізсіз сатып алынған деп танылады және мемлекет кірісіне айналады. Келіп түсетін активтерді Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға бағытталған жобаларды қаржыландыру үшін пайдалану көзделген. Премьер-министр Әділет министрлігіне айтылған пікірлер мен ескертулерді ескере отырып, заң жобасын мұқият пысықтауды жалғастыруды тапсырды. Сонымен қатар отырыста ауыл шаруашылығындағы инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Серіктес жаңалықтары