50311
Жол жұмысшыларының жалақысы 30 пайызға артты
Жол жұмысшыларының жалақысы 30 пайызға артты
Жыл басынан бері жол жұмысшыларының жалақысы 30%-ға көтерілді деп хабарлады turkystan.kz «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясына сілтеме жасап.
Еңбекақысы артқан қызметкерлердің қатарына республикалық маңыздағы тасжолдар желісін тәулік бойы күтіп-ұстаумен айналысатын негізгі өндірістік персонал қызметкерлері мен қосалқы өндіріс қызметкерлері жатады.
Айта кетейік, қыс мезгілінің басынан бері жол қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды. Жол жұмысшылары күндіз-түні қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын атқарып, жолда қиын жағдайға тап болған республикалық трассаларды пайдаланушыларға көмек көрсету жұмыстарын жалғастыруда.
Қаңтар айында республикалық маңыздағы автожолдар көктайғаққа қарсы 17 мың м3 құм-тұз қоспасымен өңделді.