Жастар арасындағы АЧ: Қазақстан қоржынына екі алтын түсті

Жастар арасындағы АЧ: Қазақстан қоржынына екі алтын түсті

Жастар арасындағы АЧ: Қазақстан қоржынына екі алтын түсті
ашық дереккөзі
50236
Бүгін Таиланд астанасы Бангкок қаласында 22 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Гүлсая Ержан жеңімпаз атанды деп хабарлады turkystan.kz. Бокстан өтіп жатқан жастар арасындағы 81 келі салмақта Гүлсая Ержан Азия чемпионы атанды. Ол финалда тайланд боксшысы Порннипа Чутиді жеңді. Төрешілер бірінші раундта жергілікті боксшы басым деп тапқанымен, екінші кезеңде Гүлсая таразы басын өзіне аударды. Қорытынды есеп – 3:2, Гүлсая Ержанның пайдасында. Бұған дейін қазақстандық боксшы Жасмин Қизатова өзбекстандық Азиза Зориковамен кездесті. 70 келі салмақ дәрежесіндегі жекпе-жек төрешілер шешімімен қазақстандықтың спортшының пайдасына аяқталды. Жасмин турнирдің алтын жүлдегері атанды.

Серіктес жаңалықтары