Журналистикадағы дәстүр сабақтастығы жалғасуы тиіс – Дархан Қыдырәлі

Журналистикадағы дәстүр сабақтастығы жалғасуы тиіс – Дархан Қыдырәлі

Журналистикадағы дәстүр сабақтастығы жалғасуы тиіс – Дархан Қыдырәлі
ашық дереккөзі
50241
Елордада Өңірлік мерзімді басылымдар форумы өтіп жатыр. Жиынға Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов, сенатор Нұртөре Жүсіп, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры Асқар Омаров және  өңірлерден келген 200-ден астам БАҚ өкілі қатысты. Бұл жиынның басты айырмашылығы – мерзімді басылымдардың мәселесін талқылады. Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов қазіргі заманда ақпараттың анық-қанығын ажыратып, шынайы мәліметті елге жеткізе білу өте маңызды екеніне тоқталды.
«2016 жылы Қазақстанда 2 мыңға жуық БАҚ тіркелген болса, бүгінде ұзын-саны 5 мыңнан асты. Оның 70 пайызы баспа мен мерзімді басылымдар. Бұл – медиа саласының қарқынды даму әлеуетінің ұлғайғаны мен оның болшағының зор екенінің дәлелі. Отандық медианың әлеуетін одан әрі дамыту үшін алдымызда ауқымды міндет бар. Мемлекет басшысы өзінің сайлауалды бағдарламасында еліміздегі ақпараттық саясатты, жастар саясатын, азаматтық қоғаммен байланыс құралдарын жақсарту бойынша нақты тапсырмалар беріп, міндет қойды. Осы орайда, өңірлік БАҚ-тың оқырманының саны мен басылым таралымын қайта көбейту, қаржыландыру және техникалық жаңарту, уақытылы жеткізу мен жергілікті БАҚ-тың ахуалын жақсарту бағытында министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесе жұмыс істеуі керек», – деді Алтай Көлгінов.
Жиында мерзімді басылымдарды тарату, уақытылы жеткізу мәселесі әлі де күн тәртібінен түспей тұрғаны да айтылды. Сонымен қатар журналистердің ресми мәліметтерге қолы жетпейтіні де ақиқат. Бұл мәселеге қатысты министр Дархан Қыдырәлі журналистің сауалын жауапсыз қалдырған мемлекеттік қызметкерлер жауапқа тартылатынын айтып өтті. Алдағы уақытта журналистердің сауалдарына жауап беру мерзімі 3-5 күнге дейін қысқарады. Жауап беруден жалтаратын мемлекеттік қызметкерлер жауапқа тартылады. Ал баспасөздің басты мәселесі талқыланған жиында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі баспасөз саласындағы өзекті мәселелерге тоқталды.
«Осыған дейін медиа индустрияны дамыту үшін Astana Media Week халықаралық медиа апталығын, Орталық Азия медиа форумын өткіздік. Қазақстанда өткен жиынға шетелден экс-президенттер, Пулицер сыйлығының иегерлері, медиа саласының майталмандары, бас-аяғы 300-ден астам делегат қатысты. Алқа мәжілісінде ақпарат БАҚ мәселесін де талқыладық. Енді мерзімді басылымдардың ахуалын талдап, бағыт-бағдарын саралауды қолға алып отырмыз. Мерзімді басылымдар – журналистиканың алғашқы мектебі. Қазақтың көптеген көрнекті тұлғасы тырнақалды туындыларын БАҚ-та жариялап, елге танылды. Баспасөздің қай уақытта да қоғамда алатын орны ерекше, – деді Дархан Қыдырәлі.
Министр ақпараттық қауіпсіздік мәселесін де назардан тыс қалдырған жоқ.
Сегізіншіден, ақпараттық қауіпсіздік мәселесі де назарда болуы керек. Сондықтан елдің шекаралас аудандарында отандық радиохабарлармен қамтуды кеңейту жұмысы күшейтіледі. Шекаралас аймақтарды радиохабар таратумен толық қамтамасыз ету жоспарланып отыр, - деп атап өтті.
Айта кетейік, дәстүрлі БАҚ пен жаңа медиа мәселесі екі күн талқыланады.

Серіктес жаңалықтары