51274
Түркістан облысының тұрғыны 15 жастағы қызды алып қашқан
Түркістан облысының тұрғыны 15 жастағы қызды алып қашқан
Түркістан облысында ер адам 15 жастағы мектеп оқушысын үйлену үшін 600 мың теңгеге сатып алған. Бұл туралы құқық қорғаушы Дина Таңсәрі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды деп хабарлады turkystan.kz.
Жас жігіт мектеп оқушысын алып қашып, анасына 600 мың теңге ақша төлеген. Қыздың әкесі полицияға арызданған. Айтуынша, ол қыз анасымен бөлек тұрады, бірақ алимент төлейді. Ер адам 2022 жылдың аяғында қызын ұрлап, Жетісай өңіріне апарып, беташар рәсімін жасағанын айтты. Ол оқиға туралы әлеуметтік желіден білген.
Әкесі адамды ұрлап алып кеткендер қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын айтып отыр.
«16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу қылмыстық жауапкершілік. Бұл жағдайды дәстүр бойынша қыз алып қашу дей салуға болмайды. Қылмыс жасау фактісі расталды. Сонымен қатар 16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу де қылмыс, себебі бұл некеге мен өз рұқсатымды берген емеспін. Себебі, қызым 15 жаста ғана. Ол өздігінен шешім қабылдай алмайды. Бұл жерде де қылмыс дәлелденіп отыр», - деді оқушының әкесі.